АРМАН ЖЕТПІСБАЙ ТҰРҒЫНДАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

Карантин режиміне орай Түркістан облысы басшылығының азаматтарды қабылдауы онлайн өтуде. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті қабылдауға жазылғандың басым бөлігі әртүрлі әлеуметтік және жеке мәселелерін көтерді.

 

Тұрғындар тұрғын үй, көлік, әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу және т. б. мәселелерді қамтыды. Азаматтардың өтінішін тыңдаған Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын айтты. Және әр өтініштің артында адам тағдыры тұрғандықтан олардың жеке өз бақылауында болатынын жеткізді. Түркістандықтардың онлайн қабылдауына қатысқан лаузым иелеріне өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.