«ЕКІ ВИЦЕ-МИНИСТР ТАНК ПЕН БТР-ДІ АЖЫРАТА АЛМАЙДЫ…»

БАҚЫТЖАН ЕРТАЕВ, Мәжіліс депутаты:

Мен жаңа министрлікте азаматтық вице-министрлер отырмауы қажет деп жатқан жоқпын. Иә, олар — жас жігіттер, құптаймын. Осы саланы алға қарай сүйресін. Оған дау жоқ. Меніңше, әскери теxникалық комиссия деген құрылым бар ғой. Ол теxниканы қабылдайды. Осы комиссияның ішінде әскери адамның болғаны дұрыс деп есептеймін. Мамандығы бар, дәрежесі бар, әскери салада бір күн емес, талай жыл қызмет еткен жігіттер, тіпті соғыс көргендер де бар бізде. Солар өз кеңестерін беруі керек. Олар өз кеңестерін беріп қана қоймай, жаңадан шығарылған теxниканы сынай да алады.

Бүгін мына зауытты көріп жүрміз, бірақ қорғаныс өнеркәсібі саласының мамандарын көріп тұрған жоқпыз. Атамқұловтың министрлігінде болдым. Бірақ, ол жерде де әскери адам жоқ. Екі вице-министр отыр, екеуі  де әскери адам емес. Бұл не масқара?! Бұлай болмауы керек. Министрлікте тым болмағанда бір вице-министрдің әскери адам болуы міндетті.  Әлгі екі вице-министр мына жерге келсе, танк пен БТР-ді ажырата  алмайды да

НЕ ХАБАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.