Шымкент гарнизонының футболшылары – «Шымқала лигасының» жеңімпаздары

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің жеке құрамы үшін жақсы жаңалықпен басталды. Аязды таңертеңгі сап түзеу шағын–футболдан «Шымқала лигасы» турнирінің сегізінші маусымында «Әскер» командасының жеңісі туралы жаңалық әскери қызметшілерді жандандырды.

 

Жеке құрамды жаңа жыл мерекесімен құттықтап және алдағы аптаға тапсырмаларды жеткізгеннен кейін әскери бөлім командирі подполковник Нүркен Қарағұлов сап ортасына «Әскер» команда құрамасын шақырды. Футболшыларды марапаттамас бұрын, бөлім командирі атқарылған үлкен жұмыс туралы айтып, спортқа деген ынтасы мен сүйіспеншілігі үшін команда құрамасына алғысын білдірді.

«Біздің команда бұл лигада 2018 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Бұл маусымның нәтижесі команданың бірнеше жыл бойы тәжірибе жинап, шағын футболдағы дағдыларын едәуір жақсартқандығымен байланысты. Маусым бойы әр ойын өте қызу өтті. Әскерилер командасының бас бапкері кіші сержант Өмірбек Аязбаев әріптестерімізді жақсы дайындағаны, олардың 15 ойында 13 жеңіс, 1 жеңіліс және 1 тең ойын көрсетіп, 40 ұпаймен бірінші орынға қол жеткізгенінен байқауға болады. Барлықтарыңызды жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!», — деп бөлісті подполковник Нүркен Қарағұлов.

Құттықтау сөздерінен кейін чемпиондарға құрмет дипломдарын, алғыс хаттары мен медальдарын, сонымен қатар, ең басты сыйлық – «Шымқала лигасының» Чемпиондар кубогын табысталды.

Айта кетсек, «Әскер» командасының ойыншылары турнирдің үздік шабуылшысы (сержант Мақсат Ақжолов), ойыншысы (сержант Ғалымжан Алдамұратов) және қақпашысы (кіші сержант Ақсұлтан Жолдасов) номинациялары бойынша да жеңімпаз атанды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.