банктердің «жыртқыштығы» жұртты ашындырып барады

Марат ТОҚАШБАЕВ, журналист: 

Өркениетті елдерде банк секторы экономиканың, тұрғын халықтың жағдайын жақсартуға бағытталса, ал біздің еліміздегі банктер халықтың қанын соратын «паразит». Шет елдерде қалай? АҚШ Федеральдық резерв жүйесінің негізгі мөлшерлемесі 2 пайыздан 1,5 пайызға төмендетілді.

Германияның Бундесбанк банктің жылдық пайызы небәрі 2,5% . Ол ғана емес Австралияның резервтік банкінің ағымдағы пайыздық мөлшерлемесі 1,5 %, Ұлыбритания банкі – 0,25%, Канада банкі – 0,25%, Қытай – 4,3%, Перу – 4,2%, Гонконг – 0,5%, Норвегия – 0,5 %, Польша – 1,5%.

Қазақстан банктерінің мөлшерлемесі кемінде 18-25 пайызбен аспандап тұр. Экономикалық даңдарыстан есеңгіреген халық банк кредиттерінің қыспағынан қазір жаны мұрнының ұшында. Несиелік қарыздарын өтей алмай суицидке ұшырап жатқан адам қанша?!

Жұмыссыздық, жалақының аздығы, қалайда пайда табуды ойлаған банктердің «жыртқыштығы» жұртты ашындырып барады. Үкімет пен Парламент жедел түрде Қаржы ұйымдарының, банктердің жұмысына адами сипат беретіндей өзгерістер жасамаса үлкен наразылықтарға тап болары кәдік.

«ЖО»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.