Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: САУЛЫҚТЫ КҮЗЕТКЕН ЖАНДАРҒА СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Ордабасы ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Департамент жанынан құрылған үгіт-насихат Штабының жетекшісі Е.Тұңғышбаев Ордабасы ауданына қарасты орталық аурухананың ұжым қызметкерлерімен кездесіп, адалдық қасиетінің маңыздылығын сөз етті.

Жиынның негізгі мақсаты — медицина саласында жиі ұшырасатын сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және оның алдын алу.

Өз кезегінде Ерұлан Тұңғышбаев абзал жандарды адалдық, парасаттылық қасиеттеріне жақын болуға үндеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Адам жанын арашалап, ауруынан айықтыратын ақ халаттыларға тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін ескертіп, сенім атмосферасын қалыптастырудың мемлекет саясатындағы маңыздылығын тілге тиек етті.

Шара соңында дәрігерлердің көкейінде жүрген бірқатар сауалдар ортаға салынып, ол бойынша нақты жауаптар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте көктемнің алғашқы күнімен әскерге шақыру науқаны басталады

admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКИЯНЫҢ ІРІ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫМЕН МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

admin

БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ — СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ

admin