ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ 2,5 ЕСЕ АРТҚАН

Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артқан. Әкімшілік-іскерлік орталықта көпқабатты 89 тұрғын үй бюджет есебінен құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта алты мыңдай отбасы қоныс тойын тойлайды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың баяндамасы тыңдалды.

 

Өткен жылғы пандемиялық ахуалға қарамастан, Түркістан күрделі жағдайда дамып келеді. Былтырғы жылдың қаланың маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң сипатқа ие болды. Жыл қорытындысымен 336 пәтерлік 7 қабатты жеті тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылдаудан өткен. Барлық үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пайдалануға берілді. Желтоқсан айында жеті қабатты бес тұрғын үй пайдалануға берілген.

 

Кестеге сәйкес 12 көпқабатты тұрғын үй биылғы жылдың сәуір айына дейін толық аяқталады.  Қазір онда 500-дей жұмысшы, 8 техника жұмыс жасауда. Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік орталығындаға қалған 77 тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылға өтпелі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.