Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛГЕН РАФАЭЛЬ ГАСАНОВ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасановтың кезекті кездесуі Полиция департаментінің ұжымы арасында өтті.

Алқалы жиын барысында сөз алған жобалық кеңсе жетекшісі құқық қорғау орган қызметкерлерінің мемлекет алдындағы айрықша жауапкершілігін алға тартып, бүгінгі күні заңды күшіне енген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар реформалармен және Агенттіктің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Өз кезегінде Р.Гасанов қала көшелеріне орналастырылған «Сергек» автоматты құрылғыларының жұмыс істеу процесін бақылап, цифрлық дамудың негізінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және халық пен тәртіп сақшылардың арасында сенім атмосферасын қалыптастыруға болатынын жеткізді.

Шара соңында Полиция департаменті басшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жеке құрам арасында ағарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отыратынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БАҒЫТЫНДА ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

admin

ШЫМКЕНТ БИЗНЕС ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

admin

AMANAT АРТҚА ШЕГІНБЕЙДІ, АЛҒА ҰМТЫЛАДЫ

admin