…ЗАҢҒА БАҒЫНБАЙТЫН ЕШ НӘРСЕ ЖОҚ

Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры:

Прокуратура заңның орындалуын қадағалайды. Ал енді заңға бағынбайтын еш нәрсе жоқ. Кез келген саланың өз тәртібі бар. Ол соған тәуелді. Әрбір министрлік, әрбір мемлекеттік органның өзінің жауап беретін саласы бар. Сол салада ол заңдылықты қамтамасыз етеді. Ал прокуратура соны қайталаймын деп, жағаласып солардың жұмысына араласа береді. Кімді тексереміз десек те, өз еркіміз. Шынын айтсақ, шашылып кеттік. Араласпайтын іс, мұрын тықпайтын жер қалмады. СЭС-та боламыз. Біз райономыз. Райсобес те өзіміз. «Екі қайықтың басын ұстаған, суға кетеді» дейді ғой. Біз де барлығына үлгереміз деп сондай бір пысық келін болғымыз келеді. Соның кесірінен халқымыздың жанына батып, халықтың көңіліне тиіп жүрген мәселелерден біз шетте қалдық.

Baq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.