БҰЛ АУРУ ҚОҒАМДЫ ІЛГЕРІ БАСТЫРМАЙДЫ…

Төлен ӘБДІК, жазушы: 

Мақала жазса болды, мемлекет басшысы көкке көтеріп мақтау нормаға айналды. Сәл-пәл болса да ыңғайсыздану деген жоқ. Әрине, басшыны сынағаннан гөрі, оның мақтау тиімді. Бұл арада президенттің өз басы туралы әңгіме жоқ. Әңгіме қоғамдағы этика жайында. «Мешке деген жақсы ат емес» деген сөз бар. Ал жағымпаз одан асқан жағымсыз.

… Өркениетті елдерде мемлекет басшысына ашықтан ашық жағымпаздану, мақтау үрдісі жоқ. Интернетке қанша үңілсем де, Обаманы, Саркозиді, Меркельді, тіпті, бізге жақын Ресей президентін құдайға, пайғамбарға теңеген роман, поэма жазған белгілі ақын-жазушыларды кездестірмеппін.

Бұл ауру қоғамды ілгері бастырмайды, әлемдік қауымдастық алдында беделімізді түсіреді, күлкі қылады.

«Нұр.кз»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.