ОСЫНДАЙ БІР ОПАСЫЗ КЕЗЕҢДЕ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА

Зиялы деп оқыған-тоқыған, парасаты мол, Құдай алдында пәк адамды айтуымыз керек. Қазір біз министрлерді зиялы десек, қателесеміз. Биліктің тұтқасын ұстаған адам әділ болсын. Ал бүгінгілердің әділдіктен ада қалған себебі — былыққа әбден шырматылып алған да, содан шыға алмай жүр. Тіпті ақшаны қуған шенеу­ніктердің ертеңгі күні қартаятыны мен өлімнің бар екенін ойламайтыны таң­ғал­дырады. Қайтеміз, осындай бір опасыз кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Еркектердің өзі бизнесі бар қалталы әйелдердің қолына кіріп алып, бас сауғалап жүр ғой. Қала берді бастықтың қызын алуға ұмтылады. Сондықтан қазақ әйелін базарда тентіретіп қойды… Өзбектерде ері ғана базарда сауда жасап тұрады. Ошақта қалу қорлық емес. Әйел затына үйінде ерінің тамағын даярлап, баласын еркелетіп отырғанға не жетсін! Қызда­рымыз ибалығынан, инабаттылы­ғынан айырылды. Ашық-шашық жүретін қыздардан жігітердің өзі шошитын болды. Қасында жүрген анасы қызының жүріс-тұрысына мән бермейтін күйге түстік.

«Д»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.