Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫНА ЖАҢА ЗАҢНАМАДАҒЫ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Департамент жанынан құрылған облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында болып, басқарма қызметкерлеріне парасатты қоғамды қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жиын барысында сөз алған Е.Тұңғышбаев Агенттіктің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және адалдық және тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттарын ортаға салып, көлеңкелі қылмыстың жолын кесу — әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырып, мемлекеттік қызметшілерге енгізілген бірқатар шектеулерді хабардар етті.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.

Ұқсас жаңалықтар

«АЯЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ МАҚТААРАЛДЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

admin

Шымкент: Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы аламын деп, миллионға жуық теңгесінен айырылды

admin