Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

АРЫС ҚАЛАСЫНДА 600-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН 7 ИНВЕСТ-ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Арыс қаласында 2021 жылы жалпы құны 31 млрд 100 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылып, оларда 588 жұмыс орындары ашылатын болады. Ал былтыр қала экономикасына тартылған жалпы инвестиция көлемі 14 млрд. 651 млн. теңгені құраған.

Cондай-ақ, 2020 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 млрд 593 млн теңгенің өнімі өндірілсе, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің және ұсынылған қызметтерінің көлемі — 30 млрд 366 млн теңгеге жеткен. Ал кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын несиелендіру бойынша барлығы 452,6 млн теңгеге 82 жоба қаржыландырылған.

Ал ауылшаруашылығы саласында былтыр 17 млрд 730,5 млн. теңгенің өнімдері өндірілген. Есепті жыл ішінде мал басы және мал шаруашылығының өнімдері барлық түрінен артқан. Ет – 8 078,8 тонна, сүт – 20 402,4 тонна, жұмыртқа 7 706,6 мың дана өндірілген.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНДА 35 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПТР ТЕСТ ЖАСАЛҒАН

admin

ӘДЕП КОДЕКСІ – ТӘРТІП ТҰҒЫРЫ

admin

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҢҒЫРТУ — «ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН» МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

admin