Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

Астана әуежайы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды

Астана халықаралық әуежайының атауы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып өзгертілді. Қазақстан Үкіметінің тиісті Қаулысы бүгін БАҚ-та ресми жарияланды деп хабарлайды nur.kz порталы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

2017 жылғы 20 маусым №381 Астана, Үкімет үйі

Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темір жол вокзалдарына, темір жол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.  Астана халықаралық әуежайы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып қайта аталсын.

2.  Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте ұялы телефон пайдаланған автобус жүргізушісі анықталды

admin

Цифрлық құжаттармен Egovmobile қосымшасы арқылы бөлісу енді өте оңай

admin

«Түркістан» Әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысымен бірқатар кемшіліктер анықталған

admin