Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылық саласы.  Ауданда ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Бүгінде аудан диқандары екі — үш өнім алу жобасы бойынша егін егу жұмыстарын бастап та кетті. 

Қазіргі таңда Сарыағаш ауданының аумағында 315 гектар жерге қырыққабат және 130 гектар жерге картоп егілді. Сонымен қатар, осы жылдың дәнді дақылдар өнімі үшін 30 мың гектар жерге күздік бидай себілді.

Биыл аудан көлемі бойынша жалпы 70 мың гектарға жуық жерге егін егу жоспарланып отыр.  Атап айтқанда, 42 мың 800 гектарына астық, 2200 гектарға майлы дақылдар, 4000 гектар жерге картоп, 10 мың гектардан аса көкөніс, 1200 гектар бақша және 9 мың гектар жерге мал азықтық дақылдар егілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қайтарымсыз несие алып беремін деп, тұрғынның 120 000 теңгесін иемденіп кеткен азаматша анықталды

admin

Видео түсіру үшін жол қозғалысы ережесін бұзған шымкенттік жастар жауапқа тартылды

admin

ТҮРКІСТАН: 400-ДЕН АСТАМ КӘСІПКЕР 5 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ

admin