Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер балалар үйіне барды

Қазақ жетімін жылатпаған халық. Осы даналықты ұстанған Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің қызметкерлері кезекті рет қайырымдылыққа атсалысты. Тәртіп сақшылары Шымкент қаласында орналасқан №3 балалар үйі тәрбиеленушілерінің алдын-ала дене өлшемдерін алып, соған сәйкес 35 балаға жазғы аяқ киім алып берді.
«Бала қуанса әлем қуанады. Бүлдіршіндердің күлкісінен асқан бақыт жоқ. Бұл қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау. Ұжыммен бірлесе көптен бері қайырымдылық жасауға ниеттенген болатынбыз. Мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отырмыз. Олардыңәр бірінің қоғамда өз орнын тауып, тұлға болып қалыптасып, өмірде өз жолдарын табуына тілектеспіз» — дейді ұйымдастырушылар.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ 1776 БАЛА СУДА ЖҮЗУ КУРСЫ БОЙЫНША ТЕГІН САБАҚ АЛДЫ

admin

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ КЕДЕН САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

admin

ГИДРАНТТАР МЕН ПИРСТАР МАМАНДАР БАҚЫЛАУЫНДА

admin