Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыны

КӨРМЕГЕ КЕЛУШІЛЕР МИЛЛИОННАН АСТЫ

КӨРМЕГЕ КЕЛУШІЛЕР МИЛЛИОННАН АСТЫ деп Алматы-ақшамы сайтына сілтеме жасап qazaqjoly.kz хабарлайдыКартинки по запросу экспо 2017

«Астана ЭКСПО-2017″ ашылғалы оны 1 мил­лион 57 мың 218 адам тамашалады. Негізгі ны­сан­дар бойынша — 167 мың 884 адам. Соның ішінде, «Нұр-Әлем» павильонында 86 мың 500 адам болып қайтты», — деп мәлімдеді брифинг бары­сында «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақов.

Көрме нысандарында 26 мың шетелдік болған. «Бір адам орташа алғанда 5-6 нысанды көріп қайта­ды. Аталған уақытта мектепке дейінгі жастағы 10 мың­дай бала, екі мыңнан аса кембағал жандар, арда­герлер мен оларға теңестірілген азаматтар, 14 мың­нан астам оқушы, студент және зейнеткер болды. Күн сайын келушілер саны артып келеді. Бірінші күні 18 мың адам келген болса, өткен жұма күні келушілер саны 34 мыңға жетті», — деді Бейбіт Қарымсақов.

Ұқсас жаңалықтар

АУҒАННЫҢ ЖАРТАС ДАЛАСЫ, ЖҮРЕКТЕ – ҚАЛДЫ ЖАРАСЫ

admin

БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛЕДІ

admin

Шымкентте газ құбырын жүргізіп беремін деп, тұрғынның 125 000 теңгесін иемденіп кеткен азамат анықталды

admin