Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕШІТТЕРДЕ ЖҰМА НАМАЗЫ ОҚЫЛА БАСТАЙДЫ

Наурыз айынан бастап республикадағы жасыл аймақта тұрған барлық өңірлерде жұма намазына оқуға рұқсат етілді. Сондықтан, Түркістан облысының аумағындағы мешіттерде 5-наурыздан бастап жамағатпен жұма намазы оқыла бастайды. Бұл туралы облыстың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлімдеді.
«Жамағатпен құлшылық рәсімін жасау үшін мешіттер 30 пайыз ғана толтырылатын болады. Медициналық маска тағу, діни жоралғы кезінде сапқа тұрғанда арақашықтықты сақтау талап етіледі. Жалпы, өңірдегі барлық 750 мешітте залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілуі қадағаланады. Уағыз оқылмай, тек парыз намазы ғана орындалады. Дәретханалар карантин талаптарып сақтай отырып ашылады. Жұртшылықты карантин шегінен шықпай, талапты орындауға шақырамыз», — деді Еркебұлан Ыбрайымұлы.
Сондай-ақ, дін өкілдері жаназа шығару және жерлеу рәсіміне қатысушылардың санын 50 адамнан асырмау қажеттігін жеткізді. Ал, індет өршіген жағдайда жұма намазын оқу тоқтатылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте мешітте телефон ұрлаумен айналысып келген 25 жастағы азамат ұсталды

admin

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:… бай және кедей арасындағы алшақтық айтарлықтай өскенін көріп отырмыз

admin

«БЕДЕЛ» БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫНА ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

admin