Миллиардермен түстену құқы – 2,6 млн доллар

 

АҚШ-та жыл сайынғы қайырымдылық аукционында американдық миллиардер Уоррен Баффетпен бірге түскі ас ішу құқы 2,6 миллион доллардан астам сомаға сатылды. Бәссауда жеңімпазының кім екендігі белгісіз.

Миллиардердің өзі өткізетін аукцион осымен 18 рет ұйымдастырылды. Әдетте, бәссауда жеңімпазы Баффетпен бірге түскі ас ішу мүмкіндігіне ие болады және оған өзін қызықтырған кез-келген сауалын қоя алады. Ал жиналған қаржыны миллиардер Сан-Францискодағы үйсіз-күйсіз жүрген жандарды қолдаумен айналысатын  Glide Foundation қорына аударады.

Бұрын өткен бәссаудалардан 24 миллион доллардан астам қаржы түскен. Ал 2016 жылы рекордтық сома – 3,45 доллар жиналған. Одан бір жыл бұрын қытайлық Dalian Zeus Entertainment компаниясы Баффетпен түскі ас ішуге 2,34 миллион доллар төлеген еді.

Айта кетейік, әлемдегі ең бай екінші адам саналатын американдық кәсіпкер Уоррен Баффеттің өз дәулеті 76,9 миллиард долларға бағаланған.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.