Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН АЩЫСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ТАБЫЛДЫ

2021 жылғы 16 наурыз күні сағат 14.00-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне 1980 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті.  Ол екі күн бұрын мал іздеп шығып, содан қайта оралмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД (11 қызметкер мен 1 бірлік техника, Полиция департаментінің күштері мен құралдары (1 қызметкер) және жоғалған адамның туыстары (3 адам) жұмылдырылды.

16 наурызда сағат 15.10-да  құтқарушылар ер адамды жоғалып кеткен орыннан екі шақырым жерде Көккөз ауылынан тауып алды. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған екен.

Құтқарушылар ер азаматты құтқару жібінің көмегімен құдықтан алып шықты. Зардап шеккен кісі медицналық көмекке мұқтаж емес.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ ЮНЕСКО-НЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫН ТУҒЫЗУДА

admin

Осы күзде Түркістан облысында 14 мыңға жуық әскерге шақырылушы зерделенбек

admin

Шымкент: Заңсыз құс аулаумен айналысқан төрт тұлға анықталды

admin