«МАҚТААРАЛ» ФУТБОЛ КЛУБЫ ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ШЫҒУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

«Алдымызда «Мақтаарал» футбол клубын Премьер-лигаға шығару міндеті тұр». Футбол клубының ойыншыларымен кездескен генерал Хаким Көшқалиев осылай деді. Түркістан облыстық аймақтық футбол федерациясының президенті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановпен бірге Атакент кентінде орналасқан «Алпамыс батыр» орталық стадионында спортшылармен жүздесті. 

Түркістан облыстық аймақтық футбол федерациясының президенті облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен футболдың дамуына ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Бірінші лигада ойын көрсететін «Мақтаарал» футбол клубы жақсы жетістіктер көрсетуде. Тәжірибелі маман Вахид Масудов жаттықтыратын футбол командасы биыл бірінші лига клубтары арасында өтетін ҚР біріншілігінің алдында үш кезеңнен тұратын оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ, бірнеше рет тәжірибелі командалармен жолдастық кездесулер өткізіп, жоғары нәтиже көрсетті. Осылайша мақтааралдық футболшылар 2021 жылғы футбол маусымына толық құрамда дайын.

Сонымен қатар Мырзакент кентіндегі күрделі жөндеуден өткен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында кездесу өтті. Жиында теңбіл доп ардагерлерімен бірге отандық футболды дамыту мәселелері талқыланды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.