Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Әйел әлемі

Әйел асханасы

Наггетс

Похожее изображение

Құрамы: 2 жұмыртқа, 500 г тауықтың сүйексіз таза еті, 0,5 стақан бидай ұны, тұз, ұнтақталған қара бұрыш, 0,5 стақан кепкен нан ұнтағы, 0,5 стақан өсімдік майы.

Дайындалуы:  Тауық етін ұзындығы шамамен 3 см болатындай етіп кесектеп турап, үстіне тұз, бұрыш себеміз. Бөлек ыдысқа жұмыртқаны жарып, жақсылап араластырып аламыз. Енді тауық етін ұнға аунатып, сосын жұмыртқаға батырып аламыз да, қайтадан кепкен нанның ұнтағына аунатамыз. Шұңғылдау табаға майды қыздырып, тауық етін жайып саламыз. Өсімдік майы еттің бетін жауып тұруы тиіс. Ет кесектерін екі жағы қызарғанша қуырамыз. Сосын сүзіп алып, қағаз майлыққа жаямыз да, артық майын сорғытып аламыз.

Наггетсті кетчуп немесе басқа да кез-келген тұздықпен ұсыну керек.

Асыңыз дәмді болсын!

 

Ұқсас жаңалықтар

Сымбатыңызды қайтаратын емдәм

admin

ТҮРКІСТАНДА ЖАСЫ ЖҮЗДІ ЕҢСЕРГЕН 6 АНА БАР

admin

Ең құдіретті күш

admin