ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ БОЛАТЫН ПЕРЗЕНТТЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен облыстық №3 периниталдық орталығында жас өскелең ұрпақтың бойында адалдық пен әділдік құндылықтарын жаңғырту мақсатында арнайы фоторамкалар орналастырылды.
Бұл игі бастама сәбиге өмір сыйлайтын орталықта сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына жол бермеуді және өскелең ұрпақтың тумасынан адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарына тәрбилеуге шақыруды көздейді көздейді.
Айта кетсек, елімізде бала туу көрсеткішінен көш бастаған Түркістан облысында жыл басынан бері облыс көлемінде 10 мыңға жуық сәби дүниеге есігін ашқан. Бұл үрдіс шақалақ нәрестенің дүниеге келуінен бастап, өмір жолының адалдық атты асыл қасиетпен өрнектелуін қамтамасыз етпек.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау қауіпі бар екендігін ескерген «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлерімен арнайы фоторамкаларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жедел желісі 1424 туралы ақпарат орналастырылған. Кез келген азамат жемқорлық көрінісіне тап болған жағдайда, осы қысқа номер арқылы тегін әрі құпия түрде ақпарат жеткізе алады.
Жоба өкілдері алдағы уақытта аталмыш фоторамкаларды облысымызда орналасқан барлық перзентханалардағы тіркеу және шығару бөлімдеріне орнатуды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.