биыл небары төрт айда 51 қылмыс тіркелген

Алик ШПЕКБАЕВ, МҚІжСЖҚІҚ агенттігі төрағасының орынбасары:

Ұлттық компаниялардың тиімді дамуына жемқорлық кедергі болып отыр. Қылмыстық істер көбейді, биыл небары төрт айда 51 қылмыс тіркелген. Оның тең жартысы мемлекеттік сатып алуға байланысты.

Яғни, ұлттық компаниялар мемлекеттік тендерді май шелпекке айналдырып алған. Холдингтегілер бюджеттің миллиардттарын қалаған кәсіпкерге береді де, қалғанын байқауға қатыстырмайды. Оларды тексеріп жатқан ешкім жоқ. Ал бизнесмендер: «ұлттық компаниялар тендерге қатысу үшін пара сұрайды» деп жиі шағымданды. Мысалы, «Самұрық-Қазынадағы» тендердің 94 пайызын жыл бойы жалғыз компания ұтып отырған.

«ҚҮ»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.