ТҮРКІСТАН: ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай киелі өңірдің бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, қоғамдық кеселдің жолын кесу және алдын алу мәселелері бойынша алқалы жиын өткізді.

Өмір жолында адалдықты арқау етіп, қоғамды ізгілікке жетелейтін ақсақалдармен жүздескен Мирас Асқарбайұлы Агенттіктің бүгінгі басты миссиясы мен негізгі бағыттарына тоқталып, қазіргі таңда жемқорлықтың алдын алуға айрықша басымдық берілгендігін баса атап өтті.

Сондай-ақ, Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды хабарлап, ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзіреттілігі кеңейгендігін мәлімдеді.

Өз кезегінде, Департамент басшысының бірінші орынбасары бұдан былай сыйлық, сыйақы және пара алуға және беруге көрілетін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын баяндады.

Шарада жиынға қатысушылар кейбір мемлекеттік және ішкі істер органдарының ашықтық қағидатына негізделе отырып, халықпен кері байланыстың жүйелі жолға қойылмағанын жеткізді.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.