СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРА ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Мемлекет басшысы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауында жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізуді тапсырған болатын.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 14 сәуір күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын сапалы әрі тиісті мерзімде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің АМІЖ офицері Нұрлан Құдайбергенов Түркістан облысы әкімі аппаратының мәжіліс залында семинар өткізді.

Семинар жиынға облыстық басқармалардағы ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыспен айналысатын қызметкерлер мен бейнебайланыс арқылы аудан, қала әкімдіктеріндегі ішкі талдау жүргізуге жауапты мамандар қатысты.

Жиында Департамент қызметкері Жолдауды іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары әзірленіп, оның 116 және 126-тармақтарында, яғни «Сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордагы нормативтік актілер мен жұмыс процестеріне талдау жүргізу» және «Сыбайлас жемқорлықпен әшкереленген адамдардың мемлекеттік қызметге немесе квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын талаптың сақталуына талдау жүргізу» көзделгенін атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі талдаулардың сапасын қамтамасыз ету және оларды өткізу кезінде формализмді жою мақсатында ішкі талдау жұмыстарын іске асырудың келесі алгоритмі ретінде ішкі талдауды ұйымдастыруға басшы құрам өкілдері қатарынан жауапты тұлғаларды айқындау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс топтарын құру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс жоспарын бекіту және аралық ақпаратарды ұсыну, қорытынды талдамалық анықтаманы әзірлеу және іс-шаралар жоспарын бекіту мәселелерін бекіткенін жеткізді.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізудің тәртібі жіті түсіндіріліп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.