Шымкент: Қоқыс тастаған тұрғын жауапқа тартылды

Учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтардың алдын алуда халықпен байланыс орнатушы негізгі тұлға. Бұл орайда жергілікті тұрғындармен жүргізілетін кері байланыстың маңызы айрықша.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары өздеріне қарасты әкімшілік аумақта орналасқан үй тұрғындарының “WhatsApp” мессенджеріндегі чаттарына қосылып, өзекті мәселелерді шешуде бірлесе қызмет атқаруда.
Мәселен, Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы №26 учаскелік полиция пунктінің инспекторларына жергілікті тұрғындар қоқыс тастау дерегі туралы хабарлама жолдап, шара қолдануды сұраған. Чатқа келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес учаскелік полиция инспекторы құрылыс қалдықтарын аулаға жинаған 43 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды, мекеме иелерін, жеке кәсіпкерлерді жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, көшелердің тазалығын сақтауға және жауапкершілікті есте сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.