Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

САЙРАМ АУДАНЫНДА ТОЙХАНА СПОРТ НЫСАНЫНА АЙНАЛДЫ

Түркістан облысында карантин кезінде бұрын тойхана бизнесімен айналасатын кәсіпкерлер арасында істерін жаңа бағытқа бұрғандар артты.  Сайрам ауданындағы жергілікті кәсіпкері Өмірхан Оразымбетов үшін де бизнестегі бағытын өзгертуге пандемия сеп болды.

Өткен жылы тойхана салған бизнесменнің жаңа ғимараты бүкіл әлемді жайлаған пандемияға байланысты жиын-той өткізуге шектеулер қойылған соң, бос тұрған. Қазір «Достық» спорт мектебінде 200 бала спорттың бес түрі бойынша тегін жаттығады. Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, каратэ және гимнастика үйірмелері жұмыс істейді. Сегіз білікті бапкер балаларды спортқа баулиды. Спорт залдың іші заман талабына сай жасақталған.

Екінші қабатында ересектерге арналған залы жұмыс істейді. Сайрам ауданының спорт бөлімі мамандарының мәліметінше, салауатты өмір салтын ұстанатын ауыл жастары бос уақытын осында өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы аламын деп, 100 мың теңгесінен айырылды

admin

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ МЕКЕМЕДЕ 250 ЗЕЙНЕТКЕР МЕН 72 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

admin

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ КЕЗЕКТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

admin