Шымкент: Қоқыс қалдығын көшеде қалдырған азамат жауапкершілікке тартылды

Құрылыс қалдықтарын көше бойына жинаған азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған жайт Әл-Фараби ауданы аумағында орын алған. Әкімшілік аумаққа жауапты тәртіп сақшысы тұрғын үй иесіне белгіленбеген орынға құрылыс қалдықтарын тастамау қажеттігін түсіндірді.
Сондай-ақ қала көркін бұзу жайтына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Нысан иесі қоқыс қалдықтарын тазартты. Полиция қызметкерлері азаматтарды, мекеме иелерін, жеке кәсіпкерлерді жақын маңдағы аумақтардың, аулалардың, көшелердің тазалығын сақтауға және жауапкершілікті есте сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.