Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу, дезинфекцияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар

Ауруханаішілік инфекция науқас ауруханаға түскен кезде немесе медициналық көмек алғаннан сон клиникалық белгілері байқалатын ауру.АIИ-дің көпшілігі медициналық манипуляциялармен байланысты болады.

Ауруханаішілік инфекцияға жататын жағдайлар, олар медициналық қызметкерлер ауруханада жұмыс кезінде инфекция жұқтырып алса, науқас ауруханадажұқтырса, ауруханадан шықан соң 1 ай ішінде инфекциялық аурумен ауырған жағдайда. Ауруханаішілік инфециялардың пайда болуына ағза имунитетінің әлсіреуі, науқастарға күтім жасағанда инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтамау, науқастарды орналастыру ережелерінің бұзылуы, т.б факторлар әсер етеді.

Ауруханаішілік инфекция жұғу жолдары: аэрогенді (ауа тамшылы), қатынас (контактты) және медициналық манипуляциялар кезінде.

Ауруханішілік инфекциялардың алдын алу үшін емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті қамтамасыз ететін іс-шаралардың бірі залалсыздандыру арқылы жүзеге асатын асептика мен антисептика талаптарының орындалуын жүйелі бақылау және қатаң түрде сақтау керек.

Осы мақсатта дезинфекцияны ұйымдастыру келесі бағытта жүргізіледі: науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе изоляторға (жұқпалы ауру түріне қарай) ауыстыру, қажет концентрациядағы дезинфекциялық  ерітінділерді дайындау, өндеуге арналған құрал-саймандарды дайындау, тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру, заттарды камералы дезинфекция үшін клеенка қапқа салу, бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін бөлме ортасына жинау, жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе, есіктерді дезинфекциялық ертінділермен сүрту, қалдықтарды жинап зарарсыздандыру, қабырға және жиһаздарды өндегеннен кейін дезинфекциялық ертіндімен еден қайта өнделеді, арнайы киімді камералы дезинфекциялау үшін клеенка қапқа салу.

Аталған іс-шаралардың емдеу мекемелерінде қатаң орындалуы –ауруханаішілік инфекциялардың алдын алудың негізгі жолдары болып табылады.

 

 Е.Айдархан,

Қаратау ауданы СЭББ-Эпидемиологиялық бақылау және қадағалу бөлімінің басшысы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.