ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ ЖАС ДЕПУТАТ 100 ОТБАСЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІ

​ «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның «30 игі іс» акциясы аясында аудандағы тұрмысы төмен 100 отбасыға азы-түлік себеттері таратылды.
Аталған игі іске әрдайым өзінің қайырымдылығымен елдің алғысын алып жүрген аудандық мәслихаттың ең жас депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Әбдімәлік Мұхтар Амангелдіұлы демеушілік жасады.
Ораза айындағы қайырымдылық азық-түлік себеттерін жеткізген ​ халық қалаулысына ауданның бас имамы Айдар Садықов ақ батасын беріп, аудандық мешітте ауыл округтердің имамдары арқылы мұқтаж жандарға таратылып берілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.