Түркістан облысы Келес ауданында жергілікті әкімдік қызметкерлері мен Келес аудандық Полиция бөлімінің Табиғатты қорғау инспекциясы бірлесе жүргізген рейд барысында Келес өзенінінен заңсыз тас шығарған азаматтарды анықтады. Полиция тәртіп бұзушылардан 5 дана дроглайн көлігін тәркілеп, заңды шешім қабылданғанға дейін айыптұрағына қойды. Қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалау үшін жиналған материалдар экология департаментіне жіберілді.
Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері тарапынан ҚР ҚК 334-бабы «Жер қойнауын өз бетімен пайдалану» бойынша өткен жылы 21 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, тәртіп бұзушыларға 21 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды. Жыл басынан бері анықталған 3 құқықбұзушылық дерегі бойынша кінәлітер 500 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге тура келеді. Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар жалғасын табады.
