Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында «Jas Otan» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының жастары студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізді. Мақсат – жоғары оқу орындарындағы жатақханалардың талапқа сай болуын қадағалау және студенттердің құқығын қорғау.
Жасотандықтар Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің №6 және №3 жатақханаларын аралап көрді. Жалпы қос жатақхананың сыйымдылығы – 600 орын. Бүгінде онлайн оқу жүйесіне байланысты жатақханада 320 ғана студент тұрып жатыр. Қалғандары қашықтықтан білім алуда. Мониторингтік топ мүшелері жатақханаларды аралап, талапқа сай екеніне көз жеткізді.


«Jas Otan» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша, мұндай мониторинг жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Студенттер тарапынан түскен әрбір өтініштер мен ескертпелер де назарға алынып, тиісті жұмыс жүреді. Қазіргі таңда Түркістан облысында студенттердің 9 жатақханасы бар.

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ КӨКПАРДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

admin

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАНКҮЙЕР ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 600 МЛРД. ТЕҢГЕДЕН АСТЫ

admin