ОТЫРАР: 2020 ЖЫЛЫ «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 8 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

«Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының XLIII (43) есеп беру-сайлау конференциясы онлайн форматта өтті. Жиынға Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Құрман, аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов, аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері мен делегаттар қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Құрман баяндама жасап, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, елдің талап-тілегі мен өтініштерін тыңдау, ауданның идеологиялық, әлеуметтік дамуы жолында филиал тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Қазір ауданда 15 бастауыш партия ұйымы және жетекші партияның 4 мыңға жуық мүшесі бар. 2020 жылы қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен 881 арыз-шағымдардың 534-і /60,6%/ оңтайлы шешіліп, 347 /39,3%/ өтінішке заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.  2020 жылы келіп түскен өтініштердің ішінде ең өзекті болғаны «BIRGEMIZ» қоры арқылы қаржылай көмек пен азық-түлік себеттерін алу аясында болған. Ол жалпы түскен арыздардың 44%-ын құраған.
Қысылтаяң кезде халыққа қол ұшын беру мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың үндеуіне орай елімізде «Biz birqemiz» республикалық акциясы бастау алған болатын. Аталмыш акцияның аясында әлеуметтік аз қамтылған 2735 отбасыға азық-түлік таратылып, көмек көрсетілген.
«Қамқорлық» бағдарламасы аясында баспанаға мұқтаж 8 отбасының тұрғын үй мәселесі шешілсе, 245 мың теңгеге киім-кешек, 4 млн, 175 мың теңгеге материалдық көмектер көрсетіліп, 3 млн. 620 мың теңгеге азық-түлік жинағы таратылған. Ауданда әлеуметтік аз қамтылған санатқа жататын 769 отбасы «Birgemiz» қорынан 50 мың теңге қаржылай көмекке қол жеткізген. Аудандық орталық емханаға кәсіпкерлердің демеушілігімен 13 тыныс алу аппараты табысталып, 94 науқас толық емделіп шыққанға дейін дәрумендерге бай азық-түліктермен қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңда аудандық маслихаттағы 11 орын «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттардан тұрады. Партияның Отырар аудандық филиалы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы мен оның орындалуы бойынша жол картасын бекіткен. Аудандағы партия жетекшілері мен белсенділері, 8 қоғамдық кеңес өкілдері осы жол картасының орындалуын толық бақылауда ұстап, оның жүзеге асуына үлес қосуда аянбай еңбек етеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.