Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында абаттандыру қағидаларын бұзған кезекті тұрғын анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мекемелердің, дүкендердің, дәмханалардың және үй аулаларының аумағында белгіленбеген жерге қоқыс тастау жайттарының жиі орын алуына байланысты қаланың абаттандырылуын бақылау бойынша тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Кезекті рейд барысында Забадам шағынауданында көше бойына құрылыс құмын төккен тұрғын анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды қала тазалығын сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.