Шымкенттік полицейлер карантинде жұмыс істеген компьютерлік клубты анықтады

Тәртіп сақшылары эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылау бойынша мобильді топтармен бірлесіп қала аумағында күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
Кезекті профилактикалық жұмыс барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Ә.Жангелдин көшесінде орналасқан компьютерлік ойынхана карантиндік шектеулерді бұзып жұмыс істеп тұрғанын анықтады.
Кәсіпкерлік нысан карантин кезінде компьютерлік клубтардың жұмысына тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдаған.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ойынхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) әкімшілік шара көру үшін Әл-Фараби ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарынан коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты сақтық шараларын сақтауды сұрайды, сондай-ақ қаланың Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысының талаптарын бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.