МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ, ҚАЖЕТТІСІН ТАҢДАЙ БІЛ!

Мамандық алғың келе ме,

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық,

Айналаң  толық өнеге.

 

Мамандық таңдау саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады. Мамандық таңдау адамның қызығушылығына, қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім,экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез — келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Бүгінгі дамыған қоғамда мамандықтың түрі өте көп. Мәселен, соңғы статистикалық зерттеулер бойынша, әлемде мыңдаған мамандық түрлері бар. Әрине, мамандықтар ішінен өзіңе лайық біреуін таңдау оңайға соқпауы мүмкін. Алайда жүрегің қалаған, қоғамда сұранысқа ие кәсіп иесі болуға мүмкіндік мол. Ол үшін нарықты зерттеп, қазіргі қоғамда сұранысқа ие мамандықтар бойынша өз бетіңше сараптама жүргізуге болады.

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.  Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  нарық шартының өзгеруіне бейімделген, замауи техника және технологиямен қамтамасыз етілген, үш тілде білім беру саясатын алға қойып  ойлау қабілеті жетілген мамандарды  дайындайды.

Қазақстанды өмірдің жоғары сапалы деңгейдегі елге айналдыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің басты мақсаты болып табылады, сондықтан сапа мәселесіне қазіргі таңда үлкен назар аударылуда. Осы бағыттағы мамандарды даярлауды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Механика және мұнай газ ісі» факультетіндегі «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасымен жүзеге асырылады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бағыттағы мамандарды даярлауда «Механика және мұнай газ ісі» факультетіндегі «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасында 6B07510 – «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша), 6В07513 – «Метрология» білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр, 7M07510 – «Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) және 7M07513- «Метрология» білім беру бағдарламалары бойынша магистрлерді даярлау жүргізіледі. Даярлау бағдарламасы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Бұл сала бойынша стандарттау жөніндегі маман, сапа бойынша менеджер, сапа жөніндегі сарапшы, стандарттау жөніндегі инженер, сертификаттау жөніндегі инженер, метролог, сарапшы аудитор,стандарттау, сертификаттау және сапаны басқару саласындағы аналитик, стандарттау және сертификаттау саласындағы мемлекеттік инспектор, басшылар, мамандар, импортталынатын тауарларды сертификаттау үшін кеден қызметінде, сауда ұйымдары мен кәсіпорындар үшін бақылаушы орган қызметінде, менеджерлік және консалтингтік қызметтежұмыс атқара алады.

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық таңдауда жаңылмай, өзіміз қалаған мамандық иесі болайық.

 

Отуншиева Айтолкын Еркиновна,

Тоқтабек Айжан Әлімбекқызы,

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Стандарттау және сертификаттау»

кафедрасының  магистр, оқытушылары.

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.