Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Абаттандыру ережелерін бұзған шымкенттіктер жауапқа тартылды

Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының аумағында абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізеді.
Кезекті профилактикалық жұмыс барысында Абай ауданы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары көше бойына құрылыс қалдықтары мен материалдарын төгіп, аумақтың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізген жергілікті тұрғындарды анықтады. Аталған азаматтарға қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды.
Тәртіп сақшылары абаттандыру ережелерін бұзған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 12 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА БАҚША ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛДІ

admin

Әбдіқалықова бастаған министрлер өңір-өңірді аралап, азаматтарды жеке қабылдайды

admin

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

admin