Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттегі әскери — техникалық мектепті 6 000-нан астам маман бітіріпті

Қорғаныс министрлігінің Шымкент қаласындағы Әскери-техникалық мектебінің филиалы 21 жыл ішінде 6000-нан астам маман дайындады.

 

Өткен жылы еліміздің Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін «атқыш» және «Калашников қол пулеметінің пулеметшісі» мамандықтары бойынша 300-ге жуық адам даярланды.

Оқудың теориялық бөлімі жабдықталған сыныптарда, ал практикалық бөлімі «Дарбаза» оқу полигонында өтеді.

— Оқу кезінде тәрбиеленушілер казармада тұрады. Оларға үш мезгіл ыстық тамақ, монша-кір жуу қызметі қарастырылған. АК–74-тен оқу атыстарын орындау үшін полигонға шығады, — деді Шымкент қаласындағы әскери-техникалық мектеп филиалының директоры, запастағы полковник Анарбай Тілеулиев.

Бұдан басқа, мектеп соғыс және еңбек ардагерлерімен, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің білім алушыларымен, бекітілген әскери бөлімдермен тұрақты негізде белсенді жұмыс жүргізеді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ

admin

Шымкентцы объединились ради чистого города: 172 тонны мусора вывезено за один день

admin

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР 100 МЫҢНАН АСА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

admin