Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ОБЛЫСТЫҚ ҮГІТ-НАСИХАТ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОС АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Кентау қаласына қарасты Хантағы және Ащысай ауылдық округтерінде болып, адалдық идеялогиясын қалыптастыру бойынша жиын өткізді.

Ағартушылық бағыттағы жиынға мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеменің мамандары қатысты.

️Шарада жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы және бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері баяндалды.

Кездесу соңында Ерұлан Тұңғышбаев аталған жаңа Әкімшілік Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілгенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары Кодекстің 680-681 бабы шеңберінде айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға 1,8 млн.теңге айыппұл салынатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

14 жасар ғалым

admin

ТҮРКІСТАН: ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: МАҚТАРАЛДА ТАҒЫ ДА 3200 ТҰРҒЫН ҚАУІПСІЗ АЙМАҚҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

admin