Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Еңбекші ауданында қару сақтау ережесін бұзған азамат жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласы аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №37 УПП инспекторлары әкімшілік аумақты аралау кезінде сол аумақта тұратын                    И есімді азаматтың қаруға берілген рұқсат қағазының мерзімі өтіп кеткендігін анықтаған. Қару сақтау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта өтетін ақпарат, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 17-маусымға дейінгі мерзімде өткізілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢ БҰЗҒАН 27 ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ КЕЛІСІМШАРТЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

admin

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР БОЙЫНША МАҚСАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

admin