Головкин мен «Канело» жекпе-жек алдында допинг сынақтан өтетін болды
Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында допинг сынақтан өтетін болды.
Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.
Жекпе-жек алдындағы допинг сынақты VADA (Еркін допингтен сынаманы ұйымдастыратын ұйым) ұйымдастыратын болды. Боксшылар сынаманы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің «Таза бокс үшін» бағдарламасы аясында тапсырады. «Головкин мен «Канело» VADA ұйымынан тексерістен өтуге келісті», – деп жазба қалдырды Twitter-дегі ұйымның парақшасы. Айта кетейік, Головкин өзінің әр жекпе-жегі алдында допинг тесттен өтіп тұрады. Айта кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды. Алайда «Канело» алдағы кездесуде WBC белбеуіне таласпайтынын айтты. Өйткені мексикалық боксшы бұл ұйымның басшыларымен сөзге келіп қалған. Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.
Дерексөздер: khabar.kz сайтынан алынды