Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған кезекті жүргізушілер жауапқа тартылды

Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген автокөліктерді тоқтатып, рейдтік іс-шара жүргізуде. Терезелері күңгірттелген автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес (5) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шымкенттік полицейлер терезенің жарық өткізу нормаларынан асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Д.ҚЫДЫРӘЛІ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ТӨРАҒАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БЕТОН ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАННАН ТАШКЕНТКЕ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСІ АШЫЛДЫ

admin