АСЫЛДЫҢ ТҰЯҒЫ

«Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ірге тасын қалаған Жүзімбаев Бекмұрат ағамыз кәсіподақтың көркейіп дамуы жолында талай еңбет етті. Өз ісінің маманы, өзінің байсалды көркем мінезімен үлкенге ізет кішіге қамқор болып, кәсіподақ ұйымның алдында тұрған міндеттердің кәсіби тұрғыдан шешімін тауып, кәсіподақ ұйымы мүшелерінің өмір құндылықтарын қорғап, ұжымдық шарт талаптарының бұзылуына жол бермей, әлеуметтік қажеттіліктерге қолайлы жағдай жасап, ынталандырып, кәсіподақтың топтсуына, қатарымыздың көбеюіне ықпал еткен тумысы бөлек, тұлғасы ерек, тағылымды тәлімі бар Дара тұлға жарқын жүзбен мәңгілік есімізде сақталып қала бермек…

«Ата көрген оқ жонар…» — деп айтпақшы Бекмұрат ағамыздың тәлім-тәрбиесін көріп өскен ұлы, кәсіподақтың заңгері Мұрат Жүзімбаев әкесінің еңбек жолын жалғастырып, кәсіподақ жұмысын өз қолына алып, жұмысын жалғастырып келеді.

Жақында «Шымкент қаласының білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзімбаев Мұрат Бекмұратұлының есеп беру жиналысында болдым.

Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы М.Жүзімбаев 2020 жылы атқарған жұмысының есебі туралы баяндамасында «Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі есепті кезеңде әлеуметтік серіктестікті нығайту, ұжым мүшелерінің әлеуметтік-экономиялық құқықтарының іс жүзінде қорғалуын қамтамасыз ету, еңбет етуге, демалуға қолайлы жағдай жасау, мұғалімдер мәртебесін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақтың әр мүшесінің мүддесін қорғауға әркез әзір екендігін, кәсіподақ ұйымдарының беделін көтерудегі шараларды бірлесіп атқаруға шақырды. Өз тарапынан Кәсіподақ аппараты «ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ — 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ — 30 ИГІ ІС — ШАРА» акциясын бастағандарын, акция барысында қайырымдылықпен бастау алғанын және кәсіподақ мүшелерін игі бастаманы қолдауға шақырды.

«Бір бала әкеге жетпей туады, бір бала әкеден өте туады» — деп қазақ аталарымыз бекер айтпаған. Мұрат Жүзімбаев әкеден өте туған азамат дер едім. Әкесінің жолын жалғастырып қана қоймай, осындай жақсы игі істерді басшылыққа алып, кәсіподақ үшін, оның әрбір мүшесі мен ұжым үшін аянбай еңбек етіп келеді.

Елімізде осындай халқына жаны ашитын, халыққа қамқор бола білетін ағалардың арқасында кәсіподақ жұмысы өсіп-өркендеп, ұжымды біріктіре түседі деп сенемін.

№38 «Қуаныш» бөбекжай бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы

Темирова Адия Аслановна

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.