Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері балалар үйіне қамқорлық жасауды дәстүрге айналдырған. Балалар мерекесіне орай Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері балалар үйіне бас сұғып, балғындарды түрлі тарту-таралғы, сыйлықтармен қуантып қайтты.
«Әрбір бала бақытты болу үшін жаралған» демекші, мерекеде №4 балалар үйіне барған тәртіп сақшылары ондағы тәрбиеленушілерді мерекемен құттықтады. Ойыншықтар мен тәттілерді көрген балалар мәз-мейрам болып қалды.
Өз кезегінде, №4 балалар үйі директорының орынбасары Бектемисова Алия Құрманқалиқызы полицейлерге көңіл бөліп, көмек көрсеткені үшін рахметін айтты.
— Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Біз полиция қызметкерлеріне өте ризамыз. Бүгін балалар мерекесінде тәртіп сақшылары түрлі сыйлықтар тарту етіп, балаларды қуантып отыр, — деді.
Сыйлықтар табыс етілген соң, балалар полицейлерге өз ризашылықтарын білдірді.
