ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БАРЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕУІ ТИІС

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай қалалық Жұмыспен қамту орталығында арнайы болып, орталық қызметкерлеріне тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін жеткізді.

Ол өз кезегінде Агенттіктің бүгінгі басты миссиясы мен негізгі бағыттарына тоқталып, Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды хабарлап, ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзіреттілігі кеңейгендігін мәлімдеді.

Сонымен қатар, бұдан былай сыйлық, сыйақы және пара алуға және беруге көрілетін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын баяндады.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұру қажеттігі ортаға салынып, өңір тұрғындарына адал қызмет етудің маңыздылығы атап өтілді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.