Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Шымкентте жол апатын азайту, жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің мәдениетін арттыру, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында 7-11-маусым аралығында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.
Шымкенттік тәртіп сақшылар Көліктік бақылау инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, Мемлекеттік кірістер департаментімен және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, желіге шықпас бұрын қалалық автобустардың техникалық жағдайын, жүргізушілердің тіркеу құжаттарының болуын тексереді. Сондай-ақ, автобустарды нормативтер мен стандарттардың талаптарын бұзып басқару және пайдалану фактілерін, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтауды анықтау, жүргізушілер мен автобустарды жолға шықпай тұрып медициналық және техникалық тексеру шараларын, жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимін сақтауын тексеру бойынша шаралар өткізеді. Сонымен қатар, жолаушылар көлігі жүргізушілерінің тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар шараларды қабылдау жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Тәртіп сақшыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кезекті жиын өтті

admin

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҮЛЕСІ 50 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

admin

ЗАҢДЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

admin