Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДЕНСАУЛЫҚ СЕБЕТТЕРІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін «𝗝𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен  «Реаблитациялық орталығы 2»  емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты — ел аумағында жұқпалы індеттің таралуы кезінде  қас қақпай жұмыла қызмет еткен, өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс айту, қолдау көрсету.

Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер дәрігерлерге арнап иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған 5️0️-ден аса денсаулық себеттерін дайындады.

Акцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қозыбахов Шыңғыс Лесбайұлы қолдауымен, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаты фракция жетекшісі Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы, «𝗝𝗮𝘀𝗢𝘁𝗮𝗻» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының белсенді жастары қатысты.

Аталмыш науқан дәрігерлердің ерлік пен пара-пар еңбектеріне алғыс білдіру мақсатында қаламызда 5-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Аталған акцияны дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МҮФТИЛЕРІ 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ АРНАЙЫ ТҰҚЫМБАҚТАР БЕКІТІЛДІ

admin

АРЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР РУХАНИ АСТАНА — ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin