Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Алаяқ мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп, 700.000 теңгеге сан соқтырған

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда 2020 жылы өзін «Х» деп таныстырған азаматша оның сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер  алып беремін деп алдап, алаяқтық жолмен  700.000 теңгесін алғанын көрсеткен.

Алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші аталған соманы беріп, алданып қалған. Еңбекші АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, жеткізілді.  Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктінің басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы  анықталуда.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары  кез-келген мемлекеттік бағдарлама бойынша  арнайы мамандарға баруға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ АЗАМАТТАР ҮШІН ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕЛІК БАСПАНАҒА ТІКЕЛЕЙ БРОНДАУ ӨТКІЗІЛМЕК

admin

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 500 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛЕДІ

admin

ТҮРКІСТАНДА БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ ҚАРЖЫСЫНА ПЕРЗЕНТХАНА САЛЫНАДЫ

admin