Адам саудасы – ең өзекті мәселелердің бірі

2021 жылдың 15-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев «Адам саудасына байланысты қылмыстарды алдын-алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар» жоспарының орындалуы бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында сөз сөйледі.
Полиция полковнигі Арман Бейсенбаев: «Жалпы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен адам саудасына байланысты құқықбұзшылықтарды анықтау, олардың жолын кесу мен алдын алу мақсатында жүйелі түрде шаралар қабылдануда және тұрақты түрде жүргізілуде. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстарда әлі де болса жетілдіруді қажет ететін, өзінің толық шешімін таппаған бірқатар мәселелер кездесетіні жасырын емес»,- деп атап кетті.
Осыған байланысты Шымкент қаласы әкімінің 2021 жылғы 5-сәуірдегі №217 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген. Бүгінгі жоспарланған ведомствоаралық комиссия отырысының жиынына оның құрамына енгізілген мүдделі мемлекеттік органдардың мүшелері қатысты. Атап айтсақ, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ерман Бекмұратов, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Манатбек қатысты. Іс-шара онлайн форматта зум бағдарламасы арқылы өтті.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.