Тәрбилік мәні бар іс-шара

ИЧ-167/3 мекеменің ішкі аумағында орналасқан клуб ғимаратында жазасын өтеп жатқан сотталған азаматармен 15.06.2021 жылы тәрбиелік мәні бар кездесу өте жоғары дәрежеде өтті. Бұл іс-шара бірлескен жобада ұйымдастырылды, яғни Шымкент қаласы бойынша дін істер басқармасының бөлім басшысы Тулемисов Бақыт Алиакбарұлы, Шымкент қаласы 10 күрес түрі бойынша баллармен жасөспірімдер мектебінің директоры Мекембаев Саян Керимбекұлы, Шымкент қаласы бойынша дін істер басқармасы «дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Уралбаев Айдос Ералиоглымен  бірлесіп мекемеде жазасын өтеушілермен жалпы кездесу өткізді.

Кезлдесу барысында Шымкент қаласы «дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Уралбаев Айдос діни ахуал бойынша айтып өтті. Өз сөзінде жалған діни қағидаларды дәлме-дәл қабылдап, оған еретін адамдардың ой-өрісіне, сезіміне, іс-әрекеттеріне деструктивті әсер етіп, дінді сылтау етіп оларды қылмысқа итермелеп отырған тұлғалардың адасып  жатқанын айтты, дұрыс жолдың негізгі бағытын таңдайтын болсақ елімізде өзіміздің дәстүрлі Абу-Ханифа мазһабын ұстанатын болсақ қателеспейтнін дөп басып айтты.

Одан бөлек спорт мектебінің директоры Мекембаев Саян сотталғандарды тура жолмен тәртіпке шақырып,  мекемеде уақыттарын босқа өткізбей салауатты өмір салтын таңдап спортпен айналсуын айтты.

Бұл іс-шара жазасын өтеп жатқан сотталғандарды тура жолға жігерлендіріп, өмірлерін жаңа бетттен бастауға кішкене болсын септігін тигізді десек қателеспейміз.

А.Туғанбаева,

     ИЧ-167/3 мекемесінің ҚҚЕ бөлім бастығы.

                                                                       

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.